Басталды…

    • Filled in News in Kazakh 8 Май 2010 в 10:04, author: Sake
    • Views: 3 389.

    Бүгін Голландия астанасы Амстердам қаласында Гранд тур сериясына жататын  «Джиро д Италия» көпкүндігі басталды. Велоспорт әлеміндегі ең үздік  22 команданың 198 шабандозы  бақ сынайтын бәсеке 30 мамыр күні Италияның Верона қаласында мәреге жетпек. Қазақстандық «Астана» клубы да капитан Александр Винокуровпен бірге  айтлуы сында өнер көрсетеді.

    Кеше  қызғалдақты елдің астанасындағы «Beurs van Berlage»  театрында «Джироның» салтанатты түрдегі ашылуы өтті. Ал, аталған жарыстың соңғы жеңімпазы «Rabobank» клубының спортшысы ресейлік Денис Меньшов биылғы бәсекеден сырт қалғанынан жанкүйер хабардар. Аталған 198 спортшының барлығы Веронаға жете алады деу қиын, алайда, соңына дейін құйрық тістескендердің арасында «Астаналықтардың» болуын тілейді қазақ жанкүйерлері. «Джиро д Италия» барлығы  21 кезеңнен тұрады, оның ішіндегі   1, 16, 21-і кезеңдер уақытқа есептелетін жекелей сын болмақ.  Бүкіл команда уақытқа жарысатын кезең - 4-і. Жалпы 21 кезеңнің  7-і, шамасы ең қиыны  тау жолдарындағы жарысқа арналған.

    Ел спорты

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание