Баск елдерінің турына аттанған Pro Team Astana құрамында мін жоқ

    • Filled in News in Kazakh 30 Март 2012 в 7:33, author: Dina Iskakova
    • Views: 1 202.

    Дүйсенбі күні Бильбао маңындағы Гуэньесте Баск елдерінің туры 52 –ші рет жалауын желбіретеді.  1925 жылдан бастау алған классикалық көпкүндік Әлемдік турлар санатына жатады. Жарыс жолына шығатын командалардың барлығы дерлік  көпкүндіктің жілігін шаққандар.

    Спорттық директор   Александр Шефер   Pro Team Astana шабандоздарының жарыс алдындағы аяқ алысына бағасын берді: “Баск елдерінің турына талай мықтыға азулы қарсылас атанардай құраммен шығып жатырмыз.  Менің пікірім, бұл бәйге  маусымның алғашқы бөлігіндегі ең қиын көпкүндіктердің бірі. Жарысқа қатысушылардың тізіміне көз жүгіртсеңіз, алдағы Тур де Франста үздіктер қатарынан көрінер шабандоздар мен командалар жиналған.  Бұл ең алдымен біздің команданың шама-шарқын анықтауға тамаша мүмкіндік. Яни Брайковичке капитан болу міндеті жүктелді. Каталония турының үшінші кезеңіндегі жеңісі оның өз бабына келегендігінің айғағы. Өз -өзіне деген сенімі де нығайды. Команда ішіндегі көңіл күйде осындай. Кисерловски, Гавацци, Гаспаротто мен Силин Яниге барынша көмек қолын созады, сондай ақ  оларға реті келіп жатса жеке көрсеткіштерін жоғарлатуға да мүмкіндік берілді”.

    Александр Шефер мен  Дмитрий Седун тізгінін ұстаған  Pro Team Astana құрамы төмендегідей

    Яни Брайкович

     Робер Кисерловски

     Энрико Гаспаротто

     Франческо Гавацци

     Егор Силин

     Александр Дьяченко

     Танел Кангерт

     Евгений Петров

    "Pro Team Astana"  баспасөз-релизінен 

     

     

     

     

     

     

     

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание