“Астананың алар асуы алда”

    • Filled in News in Kazakh 9 Февраль 2010 в 5:29, author: Sake
    • Views: 2 659.

    «Самұрық-Қазына» Қоры әлемдегі ең мықты «Астана» велокомандасының бас демеушісі болды

    Әлемдегі жетекші «Астана» командасының 2010 жылдағы тұсаукесер рәсімі кезінде команданың бас демеушісі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры еуропалық спорт қауымы алдында команданы қолдаудағы өз жоспарларымен бөлісті.
    Венада өткен тұсаукесер рәсімі кезінде Қазақстан велосипед спорты Федерациясының президенті Қайрат Келімбетов «Еуропада «Астана» командасына өте үлкен мән беріледі. Өйткені, бұл соңғы 2 жыл ішінде бүкіл әйгілі гранд-турларда көшбасшы болып келе жатқан суперкоманда» деді.
    Қ.Келімбетовтың айтуына қарағанда, биыл команда жыл ішінде өтетін жарыстардан жаңа жеңістермен оралуды мақсат етіп отыр, сонымен қатар, 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиадаға дайындалып жатыр.
    Қайрат Келімбетов еуропалық спорт қауымына Қазақстан велоспорт Федерациясының қысқа мерзім ішінде 2 негізгі мақсатты көздеп отырғанын айтты: «Астана» командасын қолдау және Қазақстандағы велосипед спортын дамыту;
    «Астана» командасының әлемдік аренадағы жеңісі осы спорт түрін ел ішінде танымал, қызықты етуге үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын. Әрі, «Астана» брэнді футболдағы «Реал Мадрид» брэнді секілді болды. Енді оған тек жанкүйерлердің көңілін ғана емес, инвестор, демеуші, серіктестердің назарын аударту керек. Бұл спортшылар Еуропада жарыста жүрген кезде – Еуропадағы, Азиядағы, Қазақстандағы халыққа үлкен қуаныш әкеледі. Біз де бүкіл әлеммен қосылып, олардың жеңістеріне қуанамыз деп ойлаймын» деді Қ.Келімбетов.
    Халықаралық велосипед спорты Федерациясының өкілдері демеушінің «Астана» командасын қолдау жөніндегі жоспарларына қанағаттанды, өз тараптарынан, болашақта веложарысты Қазақстанда - әлемдегі ең мықты команданың отанында өткізу туралы идеяны қолдайтындықтарын білдірді.
    Венада өткен тұсаукесер рәсіміне 500-ден астам еуропалық БАҚ өкілдері, халықаралық спорт ұйымдары өкілдері, Австрия астанасындағы дипломатиялық және іскер ортаның өкілдері қатысты.

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание