«Астананың» жаңа келісім-шарттары

    • Filled in News in Kazakh 23 Август 2011 в 5:23, author: Dina
    • Views: 2 002.

    "Pro Team Astana" 2012 және 2013 жылдарда команда сапында өнер көрсететін үш велошабандоздың есімдерін жария етті.

    Италияндық шабандоз Франческо Гавацци ("Lampre ISD"-ден ауысты): кәсіби велоспортпен 2007 жылдан бері айналысып келеді. Еншісінде 7 жеңіс, оның 2 –уіне Басков елдерінің турында қол жеткізген болатын (2010 жылы 3 кезең, 2011 жылы 5 кезең).

    Ресейлік тау жолдарының шебері Егор Силин (Ресейдің «Катюшасы» -нан ауысты): жасы 23-ке келген велошабандоз, кәсіби веложолда 2008 жылдан бері өнер көрсетеді. 5 рет жеңіс тұғырына көтерілді. 2009 жылы андерлер арасында өткен Әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді (3 орын).

    Италияндық спринтер Якопо Гуарниери ("Team Liquigas Cannondale" –ден ауысты): 2009 жылдан бері кәсіби веложарыстарға қатысып келе жатқан 24 жастағы спортшы. Спорттық ғұмырында 4 рет жеңіске жеткен, соның ішінде, биылғы Де Панн үш күндігінің кезеңдік жарысы.

    Перевод: Дина Искакова

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Quote

    Әзірге Гранд турларды жеңіп алатындай жігіттер бұл тізімнен көрінген жоқ. Біздің түсінгеніміз Астанада қазір екі мықты көпкүндік жарыстар шебері бар. Олар Кройцигер мен Кесиякофф. Екеуі де гранд турлардың алғашқы үштігіне ілігетіндей қауқары бар. Бірақ, біріншіден, гранд турлар үшеу. Екіншіден, жаман айтпай жақсы жоқ, оларға бірдеңе болған жағдайда орнын басып, топ бастайтын серкелер жоқ. Үшіншіден, бізден кеткен Контадор сияқты жарық жұлдыздар Астанаға келгісі келмейтін сияқты. Бұған себеп, ақшамыз болса да басқару қабілетіміз ақсап тұрғандай.

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание