«Астанаға» кім қарсылас бола алады?

    • Filled in News in Kazakh 4 Февраль 2010 в 2:00, author: Sake
    • Views: 3 214.

    www.alashainasy.kz

    Арсен Жанаділ, Гүлнәр Мұқанова

    Ресми түрде веломаусым шымылдығы қаңтардың бірінде-ақ ашылып қойғанымен, көшбасшы командалар үшін жарыстар әлі қыза қойған жоқ. Бір саусақтарын іштеріне бүккен көшбасшы клубтар жылдың басты турнирлерін күтіп отыр. Олардың қатарында қазақстандық «Астана» велоклубы да бар.

    Дегенмен өткен жылғы рейтингтің қорытындысы бойынша, бірінші орыннан көрінген «Астана» үшін жаңа веломаусым оңай соқпайын деп тұрған сияқты. Олай дейтініміз, биылғы бақталастары тым қарымды көрінеді.

    Жалпы, «Про-Тур – 2010» турнирлеріне 18 команда лицензия ала алды. Олардың ішінде АҚШ пен Испанияның үш, Франция, Бельгия және Италияның екі, сондай-ақ Ұлыбритания, Германия, Дания, Голландия, Ресей және Қазақстанның жалқы командасы бар. Дегенмен осы 18 ұжымның барлығы бірдей көшбасшылар санатында жүреді деу артықтау болар. Алайда «Астанадан» бөлек, тағы бес-алты команда 2010 жылдың үздігі болуға таласатыны сөзсіз.

    Мәселен, өткен жылғы рейтинг бойынша, «Астанадан» кейінгі екінші сатыға орналасқан испандық «Caisse d’Epargne» командасы биыл да алдыңғы қатарлардан көрінуге тырысатыны анық. Өткен жылы бас көшбасшысы Алехандро Вальверде «Тур де Франс» көпкүндігіне қатыса алмады. Әйтпегенде Контадорға лайықты қарсылас атанар еді.

    Сондай-ақ «Астанаға» биыл АҚШ-тың екі бірдей командасы, яғни «HTC-Columbia» және «Radioshack» велоұжымдарымен бәсекелесуге тура келеді. Олай дейтініміз, алғашқысы өткен жылғы рейтингте үшінші орын алса, жаңадан құрылған «Radioshack» командасы құрамына велоспорт әлемінің қаймақтарын жинап алды. Және де бұл тізімге даниялық «Saxo Bank« пен италиялық «Liquigas-Doimo» велоклубтарын да қосуға болады.

    Әлбетте, басқа ұжымдарды да қатардан сызып тастауға болмайды. «ПроТур» жарыстарына лицензия алған командалардың қай-қайсысы болсын, бар өнерлерін көрсетуге тырысатындықтары белгілі. Дегенмен басты текетірестер жоғарыда аталған командалар арасында болары айдан анық.

    Австрия астанасы Венада «Астана» велоклубының 2010 жылғы құрамының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсіміне 500-ден астам бұқаралық ақпарат өкілдері, халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері қатысты.

    Қайрат Келімбетов, ҚР велоспорт федерациясының президенті:
    – «Астана» велоклубы Қазақстан велоспортын ғана емес, дүниежүзі велоспортын дамытуға үлкен үлесін қосып жатыр. Демек, «Астана» алдағы уақытта да алдына жан салмайды деп сенемін.

    2009 жылы «ПроТур» жарыстарына қатысып, 2010 жылғы «ПроТур» турнирлеріне лицензия ала алмай қалған 3 команда бар. Олар: BBOX Bouygues Telecom (Франция), Cofidis, (Франция) және Silence – Лото (Бельгия).

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 20 комментариев

  • Quote

    Очень познавательная статья , все понял дословно 🙄

  • Quote

    Мақала үшін көп рахмет. Жыл біздің жеңістерімізге толы болсын!! ))))

  • Quote
    uteyevnurbolat France on 4 Февраль 2010, 15:17:

    keremet sake!!! 🙂

  • Quote

    great

  • Quote

    kiyn bolatyny sozsiz, birak umittenemiz) 🙂

  • Quote
    Sake Kazakhstan (Editor) on 4 Февраль 2010, 18:24:

    ия айтпа Контаның бәсекелестері жеткілікті, тек Құдай сақтап аман жүрсін!

    қазақша сөйлеп, қазағымызды жоғалтпайық ағайын!

  • Quote

    ех…а я увы не понял(

  • Quote

    тамаша! birak menn oimsha HTC bizge karsylas bola koimas Tour de France ta, kansha degenmen sprinterlik komanda go! Jyl sonyndagy komandalyk reitingte birinwi orynga sozsiz talasady ogan, birak…

  • Quote
    Sake Kazakhstan (Editor) on 4 Февраль 2010, 18:56:

    негізі автормен келісемін! «HTC-Columbia» командасыда осал емес, өткен жылы Тур да көп кезеңдңрін алып кетті.

  • Quote
    Sake Kazakhstan (Editor) on 4 Февраль 2010, 18:58:

    Барлықтарыңызды сұхбатқа шақырамын! Келіңіздер сөйлесейік танысайық! Басымыз біріксін!

    http://astanafans.com/forum/topic193.html

  • Quote

    О, грамотный прикол, на казахском :mrgreen:

  • Quote

    Tour de France jenimpazy kezenderdegi jenisterdin sanymen anyktalatyn bolsa, bizdin Astana ony byltyr jenbes edi. Kezen jenisi men korytyndy reiting eki bolek narse. Mysaly 2008 jyly Contador Giro de Italiany utkanda, Alberto tugili, bukil Astanada komandasy eshkandai kezendi jengen jok. Birak ogan shu wygaryp jatkan eshkim jok, velosport zandary osy…

  • Quote

    Jo vis del to nieko ne aisku , turbut reikes mokinti kazahu kalba. Gal kas nors isvers man ta straipsni.

  • Quote

    Quisiera saber lo que está escrito aquí.
    Аlguien puede traducir ? Mucho gracias 😉

  • Quote

    2Don Miguel

    quite the same as in any other last articles of this website. Maybe, only difference is lines about Astana team rivals on Tour, where Caisse d’Epargne, SaxoBank, Radioshack, HTC Columbia, Liquigas were mentioned as the main one’s.

    google translate

    exactamente lo mismo que en cualquier otro artículo pasado de este sitio web. Tal vez, la única diferencia son las líneas sobre los rivales del equipo Astana el Tour, donde Caisse d’Epargne, SaxoBank, RadioShack, HTC Columbia, Liquigas se mencionaron como los principales.

  • Quote

    В статье неточность лицензию про тур команда Silence–Lotto получила просто в этом году она называется OMEGA PHARMA-LOTTO. Третья команда неполучившая лицензию Лямпре. По ней пока UCI не принял окончательного решения.

  • Quote
    Sake Kazakhstan (Editor) on 5 Февраль 2010, 10:24:

    сізбен міндетті түрде келісімін Djago! бірақ НТС әліде өздерін мықты екенін дәлелдейді

  • Quote

    В статье неточность лицензию про тур команда Silence–Lotto получила просто в этом году она называется OMEGA PHARMA-LOTTO. Третья команда неполучившая лицензию Лямпре. По ней пока UCI не принял окончательного решения.

    У Лямпре вроде как временная лицензия — гоняют спокойно до лета, а там уси посмотрит 🙄

  • Quote

    2 Djago
    Спасибо за перевод , значит я ничего не упустил

  • Quote

    men de sizben kelisemin, Sake! daleldei bersin HTC mykty ekenin, kudaiga shukir, ol komandanyn aldyna koigan maksattary Astananikinen bolek

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание