«Астанаға» ескерту жасалды

    • Filled in News in Kazakh 2 Ноябрь 2009 в 10:22, author: Sake
    • Views: 1 828.

    Кеше қазақстандық «Астана» велоклубының басшылары халықаралық велосипедшілер қауымдастығының (UCI) өкілдерімен кездесті. Алайда, бірден айта кетейік, бұл кездесу шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары айқайлатып жазғандай, «Про тур» лицензиясына байланысты болған жоқ.

    Кездесу барысында қазақстандық тарап пен UCI өкілдері алдағы уақытта тыйым салынған дәрі-дәрмектермен бірігіп күресуге келісті. Сондай-ақ  халықаралық велосипедшілер қауымдастығы «Астананың» да допингтен таза болуын мұқият ескертті. Егер алдағы уақыттары командада допингтік дау туындайтын болса, ешқандай ескертусіз жазалайтындықтарын да ашып айтты. Бұл жөнінде біз Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскуриннен сұрап білген едік.
    – UCI тек біздің клубтың өкілдерін ғана емес, басқа да велоклубтардың басшыларын қабылдап, олармен де допингпен күресу жолдарын талқыға салды, – деді Николай Абрамұлы. – Ескертулер тек біздің командаға емес, барлық командаларға жасалды. Сондықтан бұдан үлкен шу шығаруға болмайды. Қайта UCI «Астананың» атқарып отырған жұмыстарына көңілдері толатындықтарын білдірді.

    Алайда, өкініштісі, қазақстандық команда келесі жылғы «Про тур» жарыстарына қатысуға әлі лицензия алған жоқ. Дегенмен Николай Абрамұлы екі күннің ішінде жағдайдың оң шешім табарына сенімді. Болмаса, амал жоқ, келесі жылды үлкен веложарыстарсыз өткізуімізге тура келеді.

    P.S. Келесі жылға «Про-тур» лицензиясын алу үшін «Астананың» екі-ақ күн уақыты қалды.

    Арсен Жанаділ

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание