Астанада дәстүрлі веложарыс басталды

    • Filled in News in Kazakh 19 Июль 2011 в 1:01, author: Sake
    • Views: 3 083.
    велогонка 
    Бүгін, 19 шілде күні   Астанада  КСРО  спорт  шебері,    Қазақстанда    және  Целиноградта  велосипед   спортының   негізін   қалаушылардың бірі, 1969 жылы  жаттығу кезінде    қайғылы қазаға ұшыраған   Михаил  Ильяновты еске алуға арналған  республикалық дәстүрлі веложарыс  басталды,  деп   хабарлады  Астана қаласының  туризм,  дене шынықтыру  және  спорт басқармасынан. 

    Турнирге  1997-1998   жылдары  туған  спортшылар  қатысуда.  Жарысқа    Қазақстанның   9 өңірінен   барлығы 115 қатысушы өтініш беріп  отыр.  Елорданың атынан  №6  спорт мектебінің       оқушылары        қатысуда.   Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және  Солтүстік Қазақстан облыстары  қос командадан     ұсынып  отыр.  Бүгін    әуежайдың  айналма  жолында 15 шақырымдық   жеке  жарыс өтті. 

    Ал  34 және  30 шақырымдық топтық жарыстар  20  және 21 шілде күндері    айналма  жолда және  елордалық саябақтың  шаңғы-роллер  жолында өтеді. 

    22 шілде күні  қатысушылар демалады.   Ал  келесі, 23  шілде күні   -  25 шақырымдық  қашықтықта   командалық  жарыс, ал 24 шілдеде  - қорытынды жарыс -критериум  өтеді. 

    Мамандардың  пайымдауынша,    негізгі күрес     астаналық  Максим Сатликовтың,     алматылық     Әлішер  Жұмаханов пен қарағандылық  Сергей Шатовскийдің арасында болады.

    ҚазАқпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание