«Астана» жарыскері А.Контадор Тур Кастильи мен Леона веложарысының 4 кезеңін жеңді

    • Filled in News in Kazakh 19 Апрель 2010 в 3:42, author: Sake
    • Views: 2 465.

    Cobtador's Twitter

    ҚазТАГ - «Астана» велокомандасының жарыскері испандық Альберто Контадор Тур Кастильи мен Леона веложарысының төртінші кезеңін жеңіп, жарыстың жалпы есебін бастады, деп хабарлады velosportnews.ru.

    Понферрадада жеке старттан басталған 15,1 км қашықтықты Контадор 20 минут 30 секундта жүріп өтті. Екінші орында RadioShack командасынан словениялық Янец Брайкович (жеңімпаздан 33 секунд қалып келеді), үшінші орында испандық Игорь Антон (Euskaltel-Euskadi) келді.

    Photo - ContadorInfo

    Осы кезеңдегі жеңістен соң Контадор негізгі классификацияда бірінші орында келеді. Ол екінші келе жатқан Антоннан 41 секунд озуда. Үшінші орында Xacobeo Galicia-дан испандық Изекуель Москера. Ол «Астана» капитанынан 1 минут 20 секунд қалып келеді.

    Тур Кастильи мен Леона веложарысы 18-ші сәуірде аяқталады.

    Одан басқа жексенбі күні Aмstel gold race жарысы басталып, оған да «Астана» қатысатын болады.

    Photo - ContadorInfo

    Жарысқа қатысушылар арасында қазақстандық Максим Иглинский, Дмитрий Фофонов, итальяндық Энрико Гспаротто, Мирко Селваджи, австралиялық Аллан мен Скотт Дэвисы, украиндық Андрей Гривко бар.

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание