«Астана» «Вуэльтаға» қатысатындарды анықтады

    • Filled in News in Kazakh 27 Август 2010 в 5:53, author: Sake
    • Views: 3 166.

    «Астана» велоклубы Испания жерінде өтетін «Вуэльта» көпкүндігіне қатысатын шабандоздар тізімін жариялады. Айтулы велобәйгеге «Астана» сапынан тоғыз шабандоз бақ сынайды. Сол тоғыз спортшының алтауы өз отандасымыз. Үш аптаға созылатын байрақты бәсекеге «Астана» көш бастайды деген сеніммен, жас та болса тәжірибелі шабандоздарды сынақтан өткізіп алуды жөн санап отыр. Алайда командаға капитандық жасайтын шабандоз әлі анықталған жоқ. «Вуэльта» көпкүндігінің жалпы есебінде кімге қолдау көрсету керектігі жарыс барысында белгілі болады деп отыр «Астана» менеджері. Ал велоспорт жанкүйерлері асыға күткен «Вуэльта» додасы 28-ші тамыз күні Севилья қаласынан бастау алады.

    Жомарт Рахымжан

    7 канал

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 4 комментария

  • Quote

    Түнгі 2.00- де командалық жарыс Seville > Seville. 14,4 км.
    Алға жігіттер! Сәттілік тілеймін! Асан Алға жеңіс күтем сенен!

  • Quote

    Саке, егер мүмкін болса әр этаптың кашықтығы мең картасың жариялап отырсан жаксы болар еді.

  • Quote

    Вуэльта.1-ші этап.Евроспорттан 1.30-да көрсетеді.

  • Quote

    карта мен ара қашықтық туралы мәліметтер сайттың орысша түрінде жарияланып отырады.қалай ойлайсыз дупликат жасау керек па?

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание