«Астана» велоклубының шабандозы «Австрия турының» жеңімпазы атанды

    • Filled in News in Kazakh 11 Июль 2011 в 4:08, author: Sake
    • Views: 1 482.
    Гонщик Pro Team Astana Фредрик Кессякофф – победитель Тура Австрии 
    Велоспорттан шілденің 3-10 күндері өткен  "Австрия турында"  қазақстандық "Астана" велоклубының швециялық шабандозы  Фредрик Кессякофф жеңімпаз атанды. 8 кезеңнен тұратын бұл дүбірлі додада ол 26:59:26 уақыт көрсеткішімен барлық қарсыластарын шаң қаптырып кетті.

    Мәселен, екінші орын алған  чехиялық спортшы Леопольд Кениг  («Team NetApp») жеңімпаздан 2,28, ал  үздік үштікті түйіндеген испандық Карлос Састре («Geox-TMC»)  3,05  секунд артта қалып қойды. Онда Фредрик Кессякоффтың командалас серіктерінен қазақстандық Андрей Мизуров ондықты түйіндеді. Ал  испаниялық Хосеп Хуре  20-шы,  эстониялық  Танел Кангерт 25-ші, австралиялық  Симон Кларк 41-ші және  қазақстандық  Евгений Непомнящий 58-ші,  Роман Киреев 101-ші орынға табан тіреді.

    Ерлік Ержанұлы

    ҚазАқпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание