«Астана» тізгін тартып жүр

    • Filled in News in Kazakh 10 Октябрь 2009 в 11:14, author: Sake
    • Views: 2 154.

    Жақында қазақстандық «Астана» велоклубы жанкүйерлерінің арнайы сайтында команданың алдағы жарыстарға кестесі жарияланған болатын.

    Сол кесте бойынша, қазанның 8-і күні «Астана» велошабандоздары екіге бөлініп, бір тобы Франция жерінде өтетін «Париж-Бургер» турниріне, екінші тобы Италия жеріндегі «Коппа Кабантини» біркүндігіне қатысуы керек болатын.

    Алайда бейсенбі күні «Астана» велошабандоздары екі турнирге де қатысқан жоқ. Оның себебін білу үшін Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскуринге хабарласқан едік. «Иә, бейсенбі күнгі турнирлерге қатысқан жоқпыз», – деп ашығын айтқан Николай Абрамұлы бұл біркүндіктерге қатысу команданың жоспарында мүлдем болмағанын айтты.

    Сондай-ақ вице-президенттің сөзінен ұққанымыз, «Астана» велокомандасы бүгін Аппенин түбегінде өтетін «Джиро дель’Эмилла» турниріне де қатыспайды. Ал сайтта қателіктер кеткенін өзі де растап отыр.

    – Биылдыққа командада екі турнир қалды. Біріншісі – 15 қазанда өтетін «Тур оф Пиоменте» біркүндігі болса, екіншісі – 17 қазанда Италияда өтетін «Джиро де Ломбардия» жарысы. Әзірге қай спортшылардың қатысатынын анықтаған жоқпыз. Бірақ Александр Винокуров осы екі турнирдің біріне немесе екеуіне де қатысу мүмкін, – деді Николай Проскурин.

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание