«Астана» шабандоздары Франция мен Бельгияны бетке алды

    • Filled in News in Kazakh 27 Март 2010 в 12:51, author: Sake
    • Views: 3 428.

    Photo by Jacinto Vidarte

    Бүгін Францияда “Критериум Интернасьональ” екікүндік велобәйгесі басталады. Бұл сынға «Астана» командасы да қатыспақ.

    Командамыздың намысын бұл додада Александр Винокуров. Дмитрий Фофонов, Максим Гуров, Роман Киреев, Болат Райымбеков (бәрі – Қазақстан) және Альберто Контадор, Даниэль Наварро мен Бенджамин Новаль (Испания) қорғайды.

    Сондай-ақ 28 наурыз күні “Астана” Бельгия трассасында өтетін “Гент-Вевельгем” біркүндігінде бақ сынайды. Бұл бәйгеде «Астананың» намысын қорғайтын шабандоздар мыналар: Асан Базаев, Валерий Дмитриев, Максим Иглинский, Валентин Иглинский (бәрі – Қазақстан), Энрико Гаспаротто, Мирко Сельваджи (екеуі де – Италия), Андрей Гривко (Украина) және Аллан Дэвис (Австралия).

    Аламан Ақпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание