Астана Giro d’Italia да өнер көрсететін шабандоздарды жария етті.

    • Filled in News in Kazakh 2 Май 2012 в 1:25, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 381.

    Адуыны күшті команда Роман Кройцигерге қолдау көрсетеді

    Pro Team Astana Giro d’Italia да велосипед ершігіне отыратын тоғыз шабандоздан жасақталған команда құрамын жария етті. Александр Дьяченко, Энрико Гаспаротто, Танел Кангерт, Евгений Петров, Симоне Понци, Кевин Зельдреерс, Паоло Тиралонго мен Андрей Зейцтер енген команданы жарыс жолына Роман Кройцигер бастап шыгады
    Команда менеджері Джузеппе Мартинелли жасалған таңдауға өз ойын білдірді: “Тоғыз шабандозды іріктеп алу оңай шаруа емес. Шефер, Седун және мен, әр қайсының дайындығына оң баға беру мақсатында шешімді соңғы сәтке дейін ысырып келдік. Роман Кройцигердің жоғарғы көрсеткішке қол жеткізуіне барын салатын сайдың тасындай іріктелген сегіз саңлаққа сенім арттық. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға ұмтылатын, жалпы есепте алға шығу мақсатында аянбай тер төгетін және жекелеген кезеңдерде жеңіске қол созуға шамалары жететін құрама жинадық”.
    Джирода әріптесі Александр Шефермен бірге команда тізгінін ұстайтын Астананың спорттық директоры Гуидо Бонтемпи өз пікірін ортаға салды: “Роман Кройцигер – біздің жалғыз көшбасшымыз және команда оған көмек қолын созады. Бойларынан көпкүндіктер талап ететін қасиеттер табылатын шабандоздарды жинадық деген пікірдеміз, бұл дегеніңіз біз барлық кезеңдерге, әдетте қағаз бетінде оңай көрінетін жазық жолдарға да, таулы жолдарға да дайынбыз. Гаспаротто, Понци мен Дьяченко кезеңдік сындарда жеңіске таласады деп сенеміз. Алдыңға екеуі Амстел мен Льежде айды аспанға шығарғандардың қатарында болды. Ал Дьяченко Туркия турында жалпы есепте екінші орынға табан тіреп көзге түсті”.


    "Pro Team Astana" баспасөз - релизінен

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание