«Астана» экс-«астаналықтарға» қарсы

    • Filled in News in Kazakh 18 Февраль 2010 в 11:16, author: Sake
    • Views: 2 975.

     

    Жақында «Жерорта теңізі» көпкүндігіне қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен қазақстандық «Астана» велоклубы бүгін тағы бір жарыс жолына шығады. Бұл жолы «астаналық» сайыпқырандар «Альгарв туры» көпкүндігіне қатысу үшін Пиреней түбегіне аттанды.

    Нақтырақ айтсақ, бүгін Португалияда бес күнге созылатын велотурнир басталады. Оған қазақстандық «Астанадан» бөлек тағы  бірнеше команда қатыспақ. Солардың ішінде биылғы додалардағы басты қарсыластарымыз АҚШ-тың «Радишэк» велоұжымы да бар. Отандық веложанкүйерлерге жақсы таныс маман Йохан Брюнель баптайтын «Радишэк» бұл жарысқа жеті саңлағын жіберіпті. Олар: Андрэас Клоден (Германия), Лэви Лейфаймер (АҚШ), Тиаго Мачадо, Сержио Паулиньо (екеуі де – Португалия), Грегори Раст (Швейцария), Себастьян Росселер, Герт Стигманс (екеуі де – Бельгия) және Томаш Вайткус (Литва). Байқап отырған боларсыздар, осылардың ішінде бес спортшы өткен жылы қазақстандық клубтың қатарында өнер көрсеткен. Демек, Португалияда «Астана» мен экс-«астаналықтардың» текетіресін тамашалайтын боламыз. Ал «Астананың» намысын Пиреней түбегінде мына велошабандоздар қорғайды:

    Альберто Контадор, Давид Де Ла Фуэнте, Даниэль Наварро, Бенжаминь Новаль, Хэсус Эрнандес (бәрі де – Испания), Максим Гуров, Сергей Ренев (екеуі де – Қазақстан), Андрей Гривко (Украина). Естеріңізге сала кетейік, бұл турнир көшбасшымыз Альберто Контадор үшін алғашқы жарыс болмақ.

    Әзиз ЖАНАДІЛ

    Алашайнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание