«Астана» – «Джиро д’Италия» сынында

    • Filled in News in Kazakh 27 Март 2010 в 2:19, author: Sake
    • Views: 3 031.

    Джиро де Италия

    Велоспорттан әлемдік алпауыт үш дода бар. «Тур де Франс», «Вуэльта» және Аппенин түбегінде өтетін «Джиро д’Италия»…

    Жақында осы сындардың ішіндегі «Джиро д’Италияның» ұйымдастырушылары биылғы көпкүндіктің көркін қыздырар командалар тізімін жариялады. Бұл тізімде біздің «Астана» командасы да бар. Өткен жылғы ауыр жағдайдан кейін «Астананың» жарқын болашағына сенгендер аз еді. Бірақ «Астана» бағытынан жаңылған жоқ. Бар қиындықты артқа тастаған команда маусым басынан өз жанкүйерлеріне күтпеген сый ұсынып жатыр. Енді «Үлкен Петле» сындардың алғашқысынан да жанкүйер өз командасынан ұлкен жеңіс күтеді.

    Италия жолдарында өтер сынға 15 астам велотоп шақырту алды. Бір қызығы, өткен жылы Лэнс Армстронг құрған «RadioShack» командасына шақырту бармапты. Алайда Армстронгтың өзі бұл бәйгеге қатысуға құлықсыз екені биылғы жылдың басынан белгілі болған. Десекте, «RadioShack» командасының басқа да өкілдерінде Италиядан көре алмаймыз.

    «Астананың» «Джиро» сынында бақ сынайтын құрамы белгісіз. Белгілісі, Италия велобәйгесінде команда лидері Александр Винокуров болады.  «Джиро д’Италия» 8-30 мамыр арасында өтеді.  

    Айтпақшы… Александр Винокуров «Джиро» сынына тұңғыш рет қатыспақ.

    Аламан Ақпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 4 комментария

  • Quote
    Серік.И Kazakhstan on 29 Март 2010, 00:53:

    1.»Үлкен Петле»- орысшасы «Большая Петля», дұрыс аударылмаған бұл жердегі «петля » сөзі орысшадан аудрғанда «құрық» ,»тұзақ» немесе «айналым» деген мағана береді.2.»Үлкен Тұзақ» -бұл «Тур де Франс» велододасының бейресми аты.»Джиро д Италия» -өзі Алпауыт Дода(Гранд Тур)оны «Тур де Франстың» алғашқы сыны деген дұрыс емес.

  • Quote

    материал еш өзгертілмей сол қалпында көшірілген соң, алдағы уақытта ескеретін боламыз!
    Ескертуіңізге рахмет!

  • Quote

    Vino kopten beri ozin korsete almai jur, osy joly joly bolady dep sengim keledi…

  • Quote

    Виноға да оңай емес, жастарымыз оғанда қолдау білдіртсе екен, мысалға Максттың қарқыны жаман емес

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание