«Астана» дүлдүлдері ершіктен түсер емес

    • Filled in News in Kazakh 9 Август 2011 в 1:20, author: Sake
    • Views: 2 707.

     Кеше Нидерландыда Eneco Tour деп аталатын көпкүндік басталды. Бұл велобәйгеге «Астана» клубы да қатысуда.

    Алты кезеңдік бәйгеден тұратын көп­күндікте «Астананың» жеті велошабандозы бақ сынайды. Олар – Аллан Дэвис (Ав­с­тра­лия), Максим Иглинский, Максим Гу­ров, Валентин Иглинский, Томас Вайткус (Литва), Сергей Ренев, Евгений Не­пом­ня­щий. Бұл көпкүндікте команда мүшелері Аллан Дэвиске жұмыс жасауы керек. Мак­сим Иглинский де көлеңкеде жүрмес. Ал Томас Вайткустің өзінің спринтерлік қа­бі­лет­терін паш етуі ғажап емес.
    Енді тек әліптің артын тосып, ве­ло­спорт­шыларымыздың қазіргі спорттық баптарын 14 тамыз күні жалпы есепке көз жүгірте отырып білетін боламыз.

    Жалпы есеп демекші, осыдан екі күн бұрын «Польша туры» көпкүндігі аяқталған. Онда астаналықтар аса жоғары нәтиже көр­сете алмады. Словакия дүлдүлі, Liquigas клубының велошабандозы Петр Саган жеңіске жеткен көпкүндікте астаналықтар алғашқы ондыққа да іліге алмады. Фред­рик Кессякофф (Швеция) 12-орынға ие болса, Роберт Кисерловски (Хорватия) 31-орын­ға тұрақтады. Симон Кларк (Авс­тра­лия) 49-орынға, Андрей Мизуров 57-орынға, Асан Базаев 77-орынға орналасты. Ал әу баста көшбасшылардың 13 секунд қана қалып келе жатқан (екінші ондықтың басында болған) Энрико Гаспаротто (Ита­лия) 84-орынға бір-ақ сырғыды. Жеңім­паз­дан 26,02 минут қалып қойды. Бұл көп­күндікті Евгений Петров (Ресей) 86-орын­мен, ал Александр Дьяченко 119-орынмен тамамдады.

    Бір көңіл аударарлығы, «Vacansoleil-DCM» клубының намысын қорғайтын Сергей Лагутин деген Өзбекстан вело­спорт­шысы «Польша турының» жалпы есебінде 14-орынды иеленді.

    Автор: Дархан Рақыш

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Quote

    Осы турнирде де біздің аларымыз жоқ сияқты. Болғаны екі тақтайдай жазық этап өтті, ал Астана сапындағы әзірге ең үздік Вайткустың өзі жарты минут қалып келеді. Жалпы осы тур түгелдей дерлік жазықтықта өтетінін, оған Жильбер бастаған ығай мен сығайлардың қатысатынын ескерсек, «иегіміз қышымайтын» сияқты

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание