«Астана» аптаны жеңіспен және бірқатар жоғарғы орындармен қорытындылады

    • Filled in News in Kazakh 27 Март 2012 в 1:26, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 107.

    Үш елдің жолдарымен өткен веложарыстарда шабандоздар айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Келесі дода  Driedaagse De Panne – Koksijde.

    Pro Team Astana  наурыз айының үшінші аптасын түйіндеді. Қоржында Пиренейде, ауа райының қолайсыздығына қарамастан қол жеткізген кезеңдік жеңіс, Гавацци, Понци мен Кисерловскийдің Каталония туры мен Италияда өткен  Settimana Internazionale di Coppi & Bartali жарысы, сондай ақ Бельгияның тас жолдарымен өткен бір күндік сындарда қол жеткізген жоғарғы орындары. 

    Джузеппе Мартинелли  команданың Каталония турында көрсеткен өнеріне бағасын берді:  “ 3-ші кезеңде  Брайковичтің жеңісімен маусымдағы алғашқы табысымызды  жүзеге асыруға мүмкіндік туғызған жақсы велодода болды.  Ауа райының бұзылғанына қарамастан, бұл күн біз үшін тамаша күндердің біріне айналды.  Гаваццидің  соңғы күні біршама уақытқа ғана ұтылғаны менің назарымна тыс қалған жоқ,  Париж-Ниццадағы 9 орнынан жалпы есепте 7 орынға табан тіреген Кисерловскийде өзін жақсы қырынан көрсете білді. Әрине, көңіл бөлетін тұстарымыз да жеткілікті, ендігі мақсат алдағы  нәтижелерді біздің команданың деңгейіне сәйкес келетін  көрсеткішке жеткізу. Бұл ойымызды алдағы Бельгия мен Баск елдерінің турында  жүзеге асыруға тырысатын боламыз”.

     Александр Шефер  Coppi e Bartali нәтижесін қысқа қайырды: “Жеңіске қол жеткіземіз деген  сенімде болатынбыз. Әсіресе, Понцидің қатысуымен өткен финалдық сыннан үмітіміз зор еді.  Біз жарысқа команданы жастармен жасақтадық, олардың осы додадан өздеріне қажет тәжірбие жинағанына сенімдімін. Сондай ақ, Винокуровтың өнеріне көңіл бөлгендеріңіз жөн, топ ішінде өзіне сенімді болды, ол өзінің  маусымның маңызды жарыстары алдында бабына келу мақсатында белгілеген дайындығына қатысты барлық жоспарын жүзеге асырды”.

    Бельгиядағы үш жарыста команда тізгіні  Гуидо Бонтемпиге тапсырылған болатын: “Біз осы аптаның әр екінші күні жарыс жолына шықтық. Сәрсенбі күні Бельгиядағы алғашқы жарысымыз  Dwars door Vlaanderen басталды. Қарқынымыз жақсы болғанымен, үздік нәтижеге ұластыра алмадық. Жұма күні  күш- жігерімізді Harelbeke аудардық,  Муравьевтің мәреге  5 шақырым қалғандағы шабуылынан нәтиже күткенбіз, бірақ  спринтрлік командалардың жұмыла кіріскен әрекеттері бұл ойымызды іске асыруға мүкіндік берген жоқ. Демалыс күні соңғы көтерілуде басты топтан ажырап қалдық,   Sky командасының шабандоздарымен жағдайды жөндеуге тырысып көрдік, бірақ діттегенге жете алмадық.  Қазір Driedaagse De Panne – Koksijde бәйгесі басталуға жақын, оның үш кезеңінің сипаттамасы  Якопо Гуарниери мен Валентин Иглинскийлердің шама шарқына сәйкес, сондықтан олар жақсы нәтижеге қол жеткізеді дегенге сенгім келеді”. 

    Pro Team Astana  Driedaagse De Panne – Koksijde  велодасына бес қазақстандық және екі итальяндық шабандозбен жасақталған: Валентин Иглинский, Якопо Гуарниери, Асан Базаев, Дмитрий Груздев, Дмитрий Муравьев, Евгений Непомнящий, Симоне Понци.

     "Pro Team Astana" баспасөз- релизінен

     

     

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание