Асан – әлемде сегізінші

    • Filled in News in Kazakh 5 Октябрь 2010 в 4:18, author: Sake
    • Views: 3 046.

    d0b0d181d0b0d0bdd187d0b8d0ba

    Австралияда тас жолдағы веложарыстан әлем чемпио­наты аяқталды. Ерлер ара­сын­дағы аламан бәйгеде Асан Базаев сегізінші орынға ие болып, көңілімізді марқайтты.

    Асан кейінгі кездері көзге түспей кетті десек, яғни көңілге қонымды нәтиже көр­сет­пей жүрді десек, артық айтқандығымыз болмас. Неліктен екені белгісіз, әйтеуір, болашағынан зор үміт күткен вело­ша­бан­до­зымыздың бағы жанбай жүрген-ді. Әлде «Астана» клубының менеджерлері мүмкіндік бермей жүр ме, жоқ әлде Конта­дор­дың көлеңкесінде қалып қойып, сағы сынып жүр ме, белгісіз... Сол Асан «Жасыл құрлықтағы» әлем чемпионатының аламан бәйгесінде 8-орынға ие болып, иісі қазақ­ты қуантты. Қуанбағанда ше?! Ұдайы шетел жұлдыздарының жетістіктеріне иек ар­тып, соларға табынғандай күй кешуден жалық­қан да сияқтымыз...

    262,7 шақырымға созылған аламан бәйгеге 180-ге жуық кәсіби велоспортшы қатысқан болатын. Бәрі де – өз елдерінің үкілеп қосқан үздіктері, сенім артқан серкелері. Алайда солардың 99-ы ғана көмбеге жетті. Жартысына жуығы ғана осы алыс жолға шыдады. Тіпті Марк Кавендиш, Санчес секілді тәжірибелі тарланбоздардың өздері сәтсіздікке ұшырады. Өкінішке қарай, біздің де кейбір вело­ша­бан­доз­да­ры­мыз көмбеге жете алмады. Олар: Вален­тин Иглинский және Сергей Ренев. Бағы да, бабы да қатар шапқан норвег дүлдүлі Тор Хушовд болды. Дат жігіті Матти Бре­шиль екінші орын алса, «Астана» клубының мүшесі, Австралия спортшысы Аллан Дэвис қола жүлдеге қол жеткізді.

    Асан сияқты Дмитрий Фофонов та бар­ша­мызды қуантып, 12-орынға ие бол­ды. Ал Александр Дьяченко 88-орынды қана­ғат тұтты. Естеріңізге сала кетейік, Фофо­нов жеке жарыста да ел намысын абы­рой­мен қорғап, осыдан бірнеше күн бұрын 22-орынға ие болған болатын.

    Әйелдер арасындағы 127,2 шақы­рым­ға созылған аламан бәйгеде біздің елдің аты­нан жарысқа түскен Наталья Стефанская 60-орынмен шектелді.

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание