АЛТЫН ҰЛЫМ!

    • Filled in News in Kazakh 29 Июль 2012 в 10:39, author: Dina Iskakova
    • Views: 5 006.

    Үміт едің, жеңіс болып жалғастың,
    Енді саған жыр арнауға талмаспын.
    Мықтыларды шаң қаптырып кеттің сен,
    Александр! Алтын ұлым! Алғашқым!

    Шаршадың-ау, арғымағым, ал тыным,
    Енді тірлік тигізбесін салқынын.
    Қолда барда қадіріңді білермін,
    Қола да емес, күміс те емес… Алтыным!

    Сүріндіре алмады ғой бүгін сын,
    Күншілдердің көкірегі тілінсін!
    Туымызды желбіреттің биіктен,
    Үшінші емес, екінші емес… Біріншім!

    Таныттың-ау көк байрақтың тың күшін,
    Қазақ енді қуанышқа сүңгісін!
    Алаш атын танытқаның – мәртебе,
    Соңғысы емес, ортаңғы емес… Тұңғышым!

    Бақыт болар – жанарыңда жүзсе мұң,
    Болашаққа енді, қазақ, түз сенім!
    Сары алтынды сыйға тартқан сарбасым,
    Атыңды айтып мақтанамыз біз сенің!

    Нұрислам Құспанғали

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 5 комментариев

  • Quote
    #1 by Dina Iskakova Kazakhstan on 29 Июль 2012, 10:58:

    Бүгін, 29 шілде күні сағат 15-35 те «Қазақстан» Ұлттық арнасында Олимпиада чемпионы Александр Винокуров туралы фильм. Жіберіп алмаңыздар. Бұрын соңды телеарналарда көрсетілмеген қызықты блейнелерден көз жазып қалмаңыздар.»Александр Винокуров:Велоспорт-өмірім!»

  • Quote
    #2 by Zhake Kazakhstan on 31 Июль 2012, 09:47:

    Бәріміздің айтқымыз келгенімізді бес шумаққа сиғыздыңыз. Рахмет!

  • Quote
    #4 by Hshshs Russia on 18 Август 2012, 22:42:

    Kushti!

  • Quote
    #5 by Серік.И Kazakhstan on 28 Август 2012, 21:20:

    Дина, «Қазақ спорты» газетінің 21-ші тамыз күнгі шыққан санында велоспорттан мемілекеттік жаттықтырушы О.Түсімхановпен сұбхат жарияланған,ол біраз талас тудыратын пікірлер айтқан соны көшіріп бассаңыз жақсы болар еді.

  • Quote
    #6 by Dina Iskakova Kazakhstan on 7 Сентябрь 2012, 20:48:

    Серік, «Қазақ спортындағы» әріптестерім одай мақала шықпады деп жатыр.Орысшасы мына сілтемеде http://www.prosportkz.kz/ru/news/17741.html

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание