Алматыда жаппай жүгіру шарасы өтті

    • Filled in News in Kazakh 15 Май 2010 в 1:28, author: Sake
    • Views: 2 913.

    Бүгін Алматыда Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып, жаппай жүгіру шарасы өтті.

    Ұзындығы 4,5 шақырымдық жүгіріс жолына аудан әкімі Махамбет Бейдалимен қатар, аудан тұрғындары және орта мектептердің 8-10 сынып оқушылары шықты. Аудан әкімінің айтуынша, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамыту Елбасының биылғы Жолдауында айтылған басым бағыттардың бірі. Бұл ретте мемлекеттік тапсырыстар жүйесіне аудандық, облыстық және республикалық деңгейде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу енгізілген болатын. «Бүгінгі жарыс осы жоспар аясында жастар мен тұрғындар арасында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып өткізіліп отыр», дейді аудан әкімі.

    Ербол Азанбек

    ҚазАқпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание