Алматы әлемдік деңгейдегі кәсіби велошабандоздарды қабылдауға дайындалып жатыр

    • Filled in News in Kazakh 7 Август 2014 в 5:52, author: Editor
    • Views: 1 038.

    touralm

    2014 жылы 5 қазанда Алматыда тас жолдағы велоспорттан  «Алматы Туры-2014» әлемдік деңгейдегі кәсіби біркүндік жарыс өтеді. Еуропа, Азия мен АҚШ велошабандоздары Алматы тас жолында өз-ара мықтыны анықтайды.

    Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) былтыр өткен алғашқы жарыстың ұйымдастырылу деңгейіне жоғарғы бағасын беріп, «Алматы Турының» санатын   1.1 деңгейіне көтерген болатын. Бұл дегеніңіз UCI ережесіне сай  жарысқа жоғарғы дивизионда өнер көрсететін кәсіби командалар да қатысып, бағын сынай алады.

    Жарыс ұйымдастырушыларының бірі, «Қазақстанның спорттық технологиялары» компаниясының директоры  Арнур Ибраев өз сөзінде: «Әлемдік деңгейдегі «Katusha», «Sky», «Trek Factory», «Movistar», «Omega Pharma – Quick-Step» сынды мықты командалармен және өткен жылғы жарыс қатысушылары   «Bardiane Valvole», «CCC Polsat», «Team La Pomme Marseille» велоұжымдарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті.

    Биыл спортшылар әр қайсысы 31 шақырымнан тұратын алты айналмалы жолды жүріп өтуі тиіс. Яғни, Алматы шаһарында өтетін критериум жарысының жалпы қашықтығы 186 км құрайды.

    «Алматы Турына» дайындық жұмыстары қарқынды жүруде. Ұйымдастырушылар атап өткендей, дүние жүзіне танымал спорттық телеарна «Eurosport» пен отандық телеарналар «Kazsport» пен «Алматы» телеарналарында жарыстан тікелей трансляция жүргізу жөніндегі мәселе шешілуге жақын. Тәкелей эфирде жүргізілетін трансляция гранд-турлардан хабар тарату  кезінде қолданылатын халықаралық стандарттарға сай жүзеге асады. Түсірілім барысында мотоцикл мен тікұшақтан бейнематериал жинау, станционарлы түсірілімдер қолданылады. «Алматы Турында» комментаторлық қызметті атқару мақсатында «Eurosport» арнасының белгілі комментаторы Сергей Курдюковты шақыру да жоспарда бар.

    - 2013 жылы өткен «Алматы Турында» телевизиялық түсірілімді жүзеге асырған шетелдік топпен бірлесе қызмет атқарғанымызға  ризашылығымызды білдіреміз. Биыл да осы топпен жұмысымызды жалғастыруға ниет танытып отырмыз. Әлемдік деңгейде өтетін веложарыстардан біршама тәжірибе жинақтаған білікті мамандармен тәжірибе алмасу отандық спорт арнасында қызмет ететін жас мамандар үшін таптырмас мектеп болары анық, - деді  Арнур Ибраев.

    Сондай ақ  Сергей  Курдюковтың Алматыдағы іссапары барысында оның қазақстандық комментаторлармен тәжірибе бөлісу жөнінде де келісімдер жүруде.

    - Біз «Алматы Турының» Қазақстаннның абыройын паш ететін жоба ретінде ғана емес, веложарыстың телетүсірілімдерден бастап, халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастурыға дейінгі сатыда тәжірибе алмасатын бірден-бір құрал ретінде де қарастырғымыз келеді, -  деді А. Ибраев.

    Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын әлемдік велоспорт жұлдыздарына жанкүйер болып, сәулеті таңғажайып, табиғаты ғажап, заманауи әсем қаламыз Алматыны дүниежүзіне әйгілейтін   шарадан тыс қалмауға шақырады.

    «Алматы Туры 2014» ұйымдастырушылары:
    Алматы қаласының әкімдігі
    Қазақстанның велосипед спортының  федерациясы
    Қазақстанның спорттық технологиялары» компаниясы

    org

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание