Алматы әкімі веложарысқа қатысады

    • Filled in News in Kazakh 25 Апрель 2010 в 12:52, author: Sake
    • Views: 1 592.

     

    Алматыда жексенбі күні Мамырдың 1-і - Қазақстан халқының бірлігі күніне және 2011 жылғы VII Азия ойындарын насихаттауға арналған веложарыс өтеді. Оған қала әкімі Ахметжан Есімов те қатысады деп күтілуде.

    Спорттық акцияға қатысушылар қаланың басты көшелерінің бірі - Әл-Фараби даңғылы бойымен жүріп өтеді. Мәреге жеткен веложарыс жеңімпаздарына ескерткіш жүлделер мен сыйлықтар тапсырылады.

    Соңғы жылдары Алматыда веложарыс кеңінен таралған спорттық акциялардың біріне айналды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, ол салауатты өмір салтын насихаттау үшін ғана емес, қаланың экологиялық проблемаларына жұртшылықтың назарын аударуды да көздейді.  

    Данияр Сиқымбаев

    ҚазАқпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание