Алға Асан!

    • Filled in News in Kazakh 18 Март 2010 в 12:31, author: Sake
    • Views: 2 478.

    Қазақстандық «Астана» велоклубының «Милан – Сан Ремо» біркүндігіне қатысатын құрамы белгілі болды. Өкініштісі, Апенин түбегінде өтетін мәртебелі додаға команда көшбасшыларының бірі Александр Винокуров қатыспайды.

    «Милан – Сан Ремо» біркүндігі наурыздың 20-сында өтеді. Негізі, мұның алдында бұл бәйгеге Александр Винокуровтың та қатысатындығы туралы айтылған-ды. Алайда Виниге бұл күндері Италия жерінде өтіп жатқан «Тиррено-Адриатико» көпкүндігі қиындау болып жатса керек, басшылық Сашаға демалыс бергенді жөн көріпті. Дегенмен «Милан – Сан Ремо» біркүндігінде біз тағы бір жерлесіміз Асан Базаевқа үміт артатын боламыз. Өйткені Асан бұл турнирді жеңіп алуды көптен бері мақсат тұтып жүр. Бұл мақсатына қол жеткізу үшін Базаевқа Максим Иглинский, Валерий Дмитриев, Сергей Ренев (бәрі де – Қазақстан), Энрико Гаспаротто, Мирко Сельваджи (екеуі де – Италия), Аллан Девис (Австралия) және Андрей Гривко (Украина) көмектесетін болады.

    Арсен Жанаділ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание