Альберто Контодор «Саксо Банк» командасының намысын қорғайды

    • Filled in News in Kazakh 4 Август 2010 в 12:37, author: Sake
    • Views: 2 104.
    Дания астанасы Копенгагендн өткен баспа сөз маслихатында Астана велокомандасының капитаны Альберто Контодордың жаңа клубы жарияланды. Келесі маусымнан бастап тур де Франс жеңімпазы енді даниялық «Саксо Банк» намысын қорғайтын болады. Беделді Бьярне Риис басқаратын «Саксо Банк» командасымен контодор екі жылдық келісім шартқа отырды. Алайда бұл келісімнің қаржылай бөлімі көзден тыс қалып отыр. «Астана» командасында Альберто Контодор бір жылда 4 миллион евро табатын. Демек «Саксо Банкта» оның айлығы бұл сомадан шамасы көбірек болып отырған сыңайлы. Сондай-ақ Контодормен бірге «Астана» командасындағы барша испан спортшылары мен команда техниктері де кететін болыпты. 27 жасар Контодор өзінің спорт карьерасында 5 гранд тур жарысын жеңген. Оның 4 –еуі «Астана» сапында.

     Бьярне Риис, «Саксо Банк» командасының бас менеджері

    Біздің алдымызда үлкен амбициялық жоспарларымыз бар. Келесі жылы біз гранд тур санатына кіретін барлық 3 көпкүндікті ұтып аламыз деп бел буып отрымыз. Бұндай жетісік тарихта әлі тіркелмеген. Соған жетуге тырысамыз.

    Диас Ахметшәріп

    Қазақстан ТРК

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание