Альберто Контадор: “Мен – құрбандықпын”

    • Filled in News in Kazakh 7 Октябрь 2010 в 10:24, author: Sake
    • Views: 2 881.

    контадор

    «Тур де Франс» көпкүндігінің жеңімпазы танымал испан велошабандозы Альберто Контадор қанынан допинг қалдықтары табылған .  Бұл допинг сынақ  биылғы «Тур де Франс» сынында алынған(21 шілде).  Испан спортшысы кленбутерол деген препаратты қолданды деп айыпталып отыр.

    Халықаралық антдопинг орталығы (ВАДА) Контадордың қанында пластификаторлың көбейіп кеткенін мәлімдеді.  Ал Контадор бұл дәрмектің қанына тамақ арқылы түскенін айтып отыр.

    ВАДА басшысы Франческо Ботре «кленбутеролды қолдану қылмыстық іс болып табылады. Сондықтан спортшының ақталп алу қиын» деп мәлімдеді. Халықаралыө велоспорт федерациясы әзірге Контадор ісіне араласқан жоқ. Бірақ Контадор алдағы өтер сындарға әзірге қатыспайды. Бірақ  USI «Тур де Фрнаста» үш мәрте топ жарған Контадордың атақтарына «тиіскен жоқ».

    Альберто Контадор:

    «Мен сапасыз тағамның құрбанымын. Жарыс кезінде біз өзімізге белгіленген тағамды емес, испан дүкендерінен етті тағам жегеніміз бар. Бірақ бұл тағамнан кейін өзімді жақсы сезіндім. Ешқандай қолайсыздық туған жоқ. Осы күні командаласым александр Винокуров та сынақтан өтті. Оның қанынан ешқандай препарат табылмады. Себебі ол біз жеген тағамды жемеді. Сондықтан айтар сзім жоқ, Тек дұрыс шешім шығарсаңыpдар екен»

    Естеріңізге сала кетейік, Контадор биылғы жылдың соңында «Астанадан»  «Саксо Банк» командасына ауысады. 27 жасар Алберто Контадор  «Тур де Франс» (2007, 2009, 2010), және «Вуэльта» (2008),  «Джиро д’Италия»  (2008) көпкүндіктерінде топ жарған.

    Бернхард Коль 2008 жылғы «Тур де Франста» допингпен ұсталған австриялық спортшы:

    «Бұл сынды допингсіз ұту мүмкін емес. Сондықтан Контадордың допинг қолдануы әбден мүмкін. «Тур де Франс» жолы өте ауыр. 2008 жылы мені және жеңімпаз атанған Флойд Лэндистің қанынан допинг тапты. Менен 200 астам допинг сынақ алды. Мен соның жартысында допинг қолданып отырдым»

    Аламан ақпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание