Альберто Армстронгпен International критериумында кездесетін болды.

    • Filled in News in Kazakh 17 Март 2010 в 5:34, author: Djago
    • Views: 1 609.

    Астаналық велошабандоз Альберто Контадор өзіне аса сәтті болған Париж-Ницца жарысынан кейінгі екі  жетілік  жарыс жоспарына маңызды екі өзгеріс жасағанын жария етті. Алғашында Контадор өз бағын Волта Каталунияда (22-28 наурыз), кейін Баск елінің Вуэльтасында (5-10 сәуір) сынамақшы болған, бірақ енді ол өзінің жарыс күндерінің санын қысқартуға шешім қабылдады. Енді ол International критериумы (27-28 наурыз) мен Кастилия-Леон вуэльтасында (14-18 сәуір) жарыс жолына шығады.  Осы өзгерістердің нәтижесінде ол өзінің былтырғы Тур де Франстағы қарсыласы және бұрынғы командалық әріптесі Лэнс Армстронгтпен International критериумында бірге бәйгеге шықпақ. Бұл олардың былтырғы жылғы аты шулы бөлінуінен кейінгі бірінші кездесуі болмақ.

    Контадор өзінің Флэш -Валлон( 21сәуір).және Льеж-Бастон-Льеж (25сәуір).жарыстарына да қатысуға шешім қабылдағанын жария етті.

    «Мен алғашқы екі жарысымда өте жақсы нәтижелерге қол жеткіздім, дайындығым да жақсы өтіп жатыр. Осыған орай біз маған да, менің командама да оңайырақ болсын деп жарыс жоспарыма осы өзгерістерді енгізуге шешім қабылдадық»,- деді Альберто жарияланған мақалада.

    «Критериум менің жарыс характеристикамен жақсы ұйқасып тұрған өте мәртебелі жарыс.  Мен үшін Кастилия - Леон вуэльтасының орны бөлек! Жарыс ұйымдастырушыларының осы жылғы кестеге жасаған өзгерістері маған көмегін тигізбек: мен үлкен үміт артып отырған көктемгі классикаларға барардың алдында бұл жарыс жақсы сынақ болмақ.  Әрине, мен бұл ерекше де атақты жарыстарға қатысуға өту қуаныштымын, бірақ онда менен гөрі жеңіске деген мүмкіндіктері басымырақ шабандоздардың бар екенін атап өту керек».

    «Маған  Каталония мен Баск елінің Турынан бас тартуға тура келді, өйткені менің казіргі дайындығым өте жақсы жүріп жатыр. Бір жағынан аса көп жарыстарға қатысам деп артық тәуекелге барғым да келмеді.  Енді менде Винокуров сияқты болашақта Тур де Франста бірге болатын  команданың басқа мүшелерімен бірге жарыс жолына шығуға мүмкіндік туды».

    cyclingnews.com

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 2 комментария

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание