Ағайынды Шлектер «Астанаға», испандықтар «Саксобанкке» ауысуы мүмкін

    • Filled in News in Kazakh 5 Август 2010 в 12:39, author: Sake
    • Views: 2 468.

    Альберто Контадордың артынан «Астана» командасынан испандық шабандоздар кетуі мүмкін. Грегарилер Бенджамин Новаль, Хесус Эрнандес және Даниэль Наварро алдағы маусымда «Саксобанк Сангардтің» сапында болуы ғажап емес. Бір айта кетерлігі Наварро биылғы Тур де Франстың таулы кезеңдерінде Контадорға дем беріп, жақсы көмекші бола білген. Дат командасына Давид Де Ла Фуэнте де ауысуы ықтимал. Алайда ол қазір алдағы «Вуэльтаға» қатысатынына ғана сенімді, болашағы туралы ойланбаған. «Астана» өз кезегінде бір қатар белгілі спортшымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазақстандық ұжымның белді мүшесі Александр Винокуровтың сөзіне қарағанда келесі жылы «Астана» жейдесін не ресейлік Денис Меньшов, не чехиялық Роман Кройцигер киюі мүмкін. Сондай-ақ ағайынды Шлектер де толықтыруы ықтимал. Өйткені олардың жаңа команда құру жөніндегі жұмыстары әлі толық аяқталмағанға ұқсайды. Виноның өзі алдағы маусымда жарыстарға қатысып, велоұжымның менеджментімен де шұғылданатын болады.

    Жігер Әзберген

    7 канал

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание