2013 жылдың 12-наурыз күні велошабандоз Андрей Кивилевтің бақилық болғанына он жыл толды

    • Filled in News in Kazakh 12 Март 2013 в 12:21, author: Аlik
    • Views: 1 549.


    Жақын әрі қымбат досың өмірден өткеннен соң бізге тек қана сол адамды еске алу, оның ғұмырындағы жарқын шақтарды ойға оралтып, рухына тағзым ету ғана қалмақ. Асыл дос, керемет спортшыны қаншалықты қимасаң да, өмір заңына қарсы ешқандай да шара қолдана алмаймыз.

    Сен өмірді бағалай білетін, оның әрбір сәтіне қуана алатын тұлға едің. Сен өмірден өте ерте кеттің, бірақ біздің жүрегімізде мәңгілікке сақталып қалдың. Өткен күн оралмайтыны өзегімді өртейді. Топырағың торқа болсын, асыл досым.

    Биылғы жылы Кивилев 40 жасқа толар еді.

    Андрей секілді адамды өмірге әкеліп, тәрбиелеп, өсірген оның әке-шешесіне басымды иемін. Сіздерге мол денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Андрейді ел ешқашан да ұмытпайды.

    Александр Винокуров

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание