2011 жылға лицензия

    • Filled in News in Kazakh 7 Октябрь 2010 в 10:17, author: Sake
    • Views: 1 917.

    2011 жылға лицензия алудың бірінші деңгейінен ойдағыдай өткен 20 велокоманданың аттары белгілі болды. Өкінішке қарай, өз құжаттарын әлдеқашан тапсырып қойған “Астана” алғашқы сынақтан сүрінбей өткен үміткерлердің қатарында жоқ болып шықты.

    Командалардан өтініш қабылдау мерзімі 1қазан күні аяқталған. “Астана” велоклубының өкілдері тамыздың ортасында-ақ қажетті қағаздардың барлығын жібергенін айтады. Құжаттар Халықаралық велоспорт ұйымына жеткен, бірақ оның ішінде банктік кепілдеме болмай шығыпты. “Астана” осындай қаржылық мәселеге тап болуы бірінші рет емес. 2008 жылы жанкүйерлерді біраз дүрліктірген даудың қайта басталып кетуі де ғажап емес. Бірақ банктен кепілдеме алуға тым аз уақыт берілгендігін айтқан отандық велоклубтың менеджерлері: “Команда бұл тізімде уақытша ғана жоқ. Қажетті кепілдеме бірер сағаттың ішінде ұйымға жеткізілетін болады” деп сендіруде. Ал команданың өтініші толық қаралып болғанша, “Астана” велокомандасы үшін күн санап бастапқы жарна өсе бермек.

    КТК

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание